10 тамыз 2017 10:46

Қырғызстандық ару сән байқауында Арменияның атынан шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сусанна Егорян.© culture.akipress.org Сусанна Егорян.© culture.akipress.org

"Қырғызстан аруы 2017" байқауының қатысушысы Сусанна Егорян халықаралық World Next Top Model 2017 сән байқауына қатысып, финалда Арменияның атынан өнер көрсетті, - деп хабарлайды АКИpress.


"Қырғызстан аруы 2017" байқауының қатысушысы Сусанна Егорян халықаралық World Next Top Model 2017 сән байқауына қатысып, финалда Арменияның атынан өнер көрсетті, - деп хабарлайды АКИpress.

17 жастағы Сусанна байқауға Қырғызстанның атынан қатысып бастаған. Алайда финал кезіндегі суреттерде ол өзінің тегі сәйкес келетін елдің атынан өнер көрсеткені анықталды. Соңында Сусанна Армениядан келген қатысушы ретінде вице-мисс атағын жеңіп алды. 


© АКИpress

Оның әрекеті қызу талқыланғанымен, көп уақыт бойы қыз пікір білдіруден бас тартып жүрді. Instagram желісіндегі парақшасында жағымсыз пікірлер жазылды. Алайда бірнеше уақыт өткеннен кейін Сусанна Егорян өз әрекетін түсіндіріп, мынандай пост жариялады:

"Біріншіден, мен мемлекеттің қаржысына бұл байқауға қатысқаным жоқ, барлық қаржылық шығынды әпкем көтерді, ұйымдастырушылармен байланыстырды. Екіншіден, ереже солай болды: бір ретте өз еліңнің атынан шығу және екінші ретте төлқұжатта көрсетілген ұлтыңның атынан шығу. Маған және көптеген қызға екі лента берілді. Мен ұлтымның атынан да, елімнің атынан да жеңдім. Неге сонша дүрбелең шыққанын түсінбеймін? Мен өз елімді сатқаным жоқ қой? Мен өз ұлтымның атынан ғана өнер көрсетсем болар еді, себебі мен өз ақшама бардым. Ұлтым қырғыз болмағандықтан көп адам маған Қырғызстанның атынан қатысуға құқығым жоқ екенін айтты! Мен бірақ олай істемедім, мен өз елімнің атынан шықтым", - деді модель қыз. 

17 жастағы Сусанна 2017 жылы № 8 мектептің 11 сыныбын тәмәмдаған. "Қырғызстан аруы" байқауында ол "Подиум аруы" титулын жеңіп алды. 

World Next Top Model 2017 байқауы Ливанда 14 шілде 6 тамыз аралығында өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети