10 қазан 2017 15:54

Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры бес жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аида Салянова. © ҚР Президентінің баспасөз қызметі Аида Салянова. © ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры, оппозициялық депутат Аида Салянова қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін бес жылға сотталды, - деп хабарлайды РИА Новости


Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры, оппозициялық депутат Аида Салянова қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін бес жылға сотталды, - деп хабарлайды РИА Новости

2016 жылы желтоқсанда Қырғызстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Саляноваға қатысты "қызметтік бабын асыра пайдаланғаны" деген күдікпен қылмыстық іс қозғалғаны туралы хабарлаған еді. Ол кезде Салянова әділет министрі міндетін атқарушы болып қызмет етіп жүрген. 2010 жылы бұрынғы ел президенті болған Құрманбек Бакиевтің ұлының жақтастарының бірі болған, іздеуде жүрген Алексей Елисеевтің адвокаттық лицензиясын қайта қалпына келтіріп берген. 

"Ата-Мекен" фракциясының тарапынан Жогорку Кенеш депутаты, бұрынғы бас прокурор Аида Салянова Бішкек қаласындағы Ленин аудандық сотының шешімімен бес жылға бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада. 

Сот Салянованы түрмеге жабумен қатар мұлкін тәркілеуге де үкім шығарған. Алайда жаза 14 жылдан соң өз күшіне енеді, себебі оның 2015 жылы туған сәбиі бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети