06 қараша 2017 | 17:58

Қырғызстанның бұрынғы бас прокурорының інісін өлтіру оқиғасының мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ru.sputnik.kg © ru.sputnik.kg

Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Аида Салянованың ініс Ұланды өз үйінің ауласында атып кеткендер ешқандай құнды заттар алмаған. Бұл туралы марқұмның тағы бір әпкесі Чинара Салянова мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости қырғызстандық 24.kg агенттігіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстанның бұрынғы бас прокуроры Аида Салянованың ініс Ұланды өз үйінің ауласында атып кеткендер ешқандай құнды заттар алмаған. Бұл туралы марқұмның тағы бір әпкесі Чинара Салянова мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости қырғызстандық 24.kg агенттігіне сілтеме жасап. 

Оның сөзінше, шабуыл кезінде үйде Ұлан, оның әйелі және Абай атты кіші ұлдары болған. 

"Лариса шабуылдағандар арнайы жасақтікіне ұқсас киімде болғанын айтады. Беттерін жасырған. Ақша талап еткен. Ұлан олардың кім екенін, не керегін сұраған кезде олардың бірі тапаншаны Абайдың басына тақаған. Ұлан ұлын қорғамақ болып орнынан тұрды. Осы кезде екі рет оқ атылған. Абай көршілерге қашып үлгерді. Олар Ұланды өлтірді де, қашып кетті. Ештеңе алған жоқ", - дейді Чинара. 

Оның айтуынша, Ұлан өте қарапайым және мейірімді адам болған. Ол техникалық жөндеу орталығында көлік бояумен айналысқан. 

2017 жылдың 6 қарашасында түнде бірнеше қарулы адам 42 жастағы Ұлан Саляновтың Бішкек маңындағы Көк-Жар ауылындағы үйіне баса-көктеп кірген. Олар тапаншадан үй иесін атып тастаған, алған жарақаттардан ер адам ауруханада көз жұмған болатын. 

 

Бұрынғы бас прокурор Аида Салянова орнынан кеткеннен кейін оппозициялық "Ата-Мекен" партиясы атынан парламентке сайланған. Ол қазіргі билікті бірнеше рет сынаған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети