11 сәуір 2016 16:23

Қырғызстанның премьер-министрі Темір Сариев отставкаға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның премьер-министрі Темір Сариев отставкаға кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қырғызстанның премьер-министрі Темір Сариев отставкаға кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Бұл туралы ел үкіметінің кезектен тыс отырысында мәлім болды. Қырғыз премьерінің отставкаға кетуі туралы қауесет бір апта бұрын шыққан еді. Бүгін үкімет басшысы министрлер кабинетінің кезектен тыс отырысын өткізіп, премьер-министрдің отставкаға кеткенін мәлімдеді. Темір Сариев Балыкчы-Корумду автожолының құрылысының тендеріне қатысты дауға байланысты отставкаға кеткен. 

Депутаттық комиссия бұл магистральге тендер өткізу кезінде көптеген ережебұзушылық анықтаған еді. Қорытындысында парламентарилер Темір Сариевтің жетекшілігіндегі министрлер кабинеті отставкаға кетуі керек деп шешті. Сариев болса депутаттық комиссияның тергеуін ангажирленген деп атап, алайда премьердің орынтағын босататынын мәлімдеді. 

Қырғызстанның жаңа премьер-министрінің қызметіне үкімет ретінде ҚР парламентінің депутаттары Чыныбай Турсунбеков пен Қанат Исаев аталып отыр. Темір Сариев премьер-министр қызметінле 2015 жылдың сәуірінен бері болды. Бұл қызметке ол Жомарт Оторбаевтың орнына келген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети