07 қазан 2017 11:30

Қырғызстанның вице-премьері жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанның вице-премьер-министрі Темір Жумақадыров жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды kaktus.media.


Қырғызстанның вице-премьер-министрі Темір Жумақадыров жантүршігерлік жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды kaktus.media.

Басылымның мәліметінше, шамамен сағат 7.30-да Бішкек - Чалдовар тасжолының 36-шы шақырымында болған жол-көлік оқиғасынан вице-премьер-министр Темір Жұмақадіров қаза тапқан. Милициядағылар вице-премьердің көлігінің тізгінінде жүргізушісі болғанын және оның КамАЗбен соқтығысқанын айтқан. Салдарынан үш адам қаза тапқан. Темір Жұмақадіров, жүргізушісі және көмекшісі Жамғыршиев Нұрлан. 

КамАЗ жүргізушісі ауруханаға жеткізілген. Жол апаты Мәскеу ауданындағы Садовый ауылының маңында болған. Ел үкіметіндегілердің айтуынша, вице-премьер-министр сайлау учаскелерін тексеру үшін Таласқа бара жатқан. Алдын ала мәлімет бойынша, КамАЗ жүргізушісі қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, салдарынан жол апаты болған. Жұмақадіровтің артында әйелі мен төрт баласы қалды.


© Kaktus.media

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети