27 ақпан 2014 | 17:27

Қырымдағы Үкімет үйін басып алғандармен жүргізілген келіссөз нәтиже бермеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Милиция қызметкерлері Қырым Автономды Республикасының министрлер үйінде. ©РИА Новости Милиция қызметкерлері Қырым Автономды Республикасының министрлер үйінде. ©РИА Новости

Қырым премьер-министрі Анатолий Могилевтің үкімет үйін басып алған, жаңа билікке қарсы топпен болған келіссөзі аяқталды деп хабарлайды үкімет баспасөзіне сілтеме жасаған Lenta.ru. "Ғимаратты басып алушылар жақтан кездесуге келгендер келіссөз жүргізуге және қандай да бір талап жасауға құзыры жоқтығын жеткізген. Анатолий Могилев оған келесі жолы байланысқа шығып, жағдайды реттеу үшін өзінің телефон нөмірін берген" делінеді хабарламада. БАҚ-тағы деректер бойынша, ғимаратта бірнеше ондаған қаруланған адам бар. ІІМ басшысы міндетін атқарушы Арсен Аваковтың айтуынша, олар автоматпен, пулеметпен жарақтанған. Қырымның ІІМ бас басқармасында қазір Симферополдағы оқиғаның салдарына байланысты шұғыл кеңес өткізіліп жатыр. Сонымен қатар РИА Новостидің хабарлауынша, осы орын алған оқиғаға байланысты прокуратура "Лаңкестік акт" деген 258-бап бойынша қылмыстық іс қозғаған. Бұл мәлімет сотқа дейінгі тексерудің бірыңғай реестріне енгізілген. Тергеуді жүргізу Қырым Автономды Республикасының қауіпсіздік қызметіне тапсырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети