09 шілде 2014 17:01

Қырымға бару Еуропа мен АҚШ-қа виза алуға тұсау болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей аумағы арқылы Қырымға бару АҚШ, Ұлыбритания және Шенген аймағы визасын алуға кедергі келтірмейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне АҚШ, Ұлыбритания және Германия елшіліктерінің өкілдері айтты. Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы Украина елшілігі Ресей арқылы Қырымға бару қазақстандықтардың Шенген визасын алуын қиындатады деп мәлімдеген болатын.


Ресей аумағы арқылы Қырымға бару АҚШ, Ұлыбритания және Шенген аймағы визасын алуға кедергі келтірмейді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне АҚШ, Ұлыбритания және Германия елшіліктерінің өкілдері айтты. Еске сала кетейік, бұған дейін Астанадағы Украина елшілігі Ресей арқылы Қырымға бару қазақстандықтардың Шенген визасын алуын қиындатады деп мәлімдеген болатын.

Үш елдің дипломатиялық ведомствосы бұл ақпаратты жоққа шығарды. "АҚШ визасын беру процесі АҚШ заңнамаларымен реттеледі. Украина елшілігі бұл процесте ешқандай роль атқармайды. Америка консулдары әрбір жағдайға байланысты жеке шешім шығарады", - деді АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің пресс-атташесі Дэвид Гэмбл. Ол Қырымға барғысы келетін қазақстандықтардың АҚШ визасына еркін түрде өтініш бере алатынын жеткізді.

Ұлыбритания елшілігінің өкілдері де ағылшын виза жүйесіне украин дипломатиялық өкілдігінің ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеді. "Ел үкіметі мен Мәртебелі патшайым ғана Ұлыбританияға виза беру туралы шешім шығаруға және оған түсінік беруге құқылы. Әрбір визалық жағдай бойынша шешім жеке және оның мәніне қарай шығарылады", - деп хабарлады елшілік өкілдері.

Германия елшілігі де виза аштыру мәселесіне Қырымға сапар шегудің ешқалай әсер етпейтінін хабарлады. "Германияның Қазақстандағы дипломатиялық өкілдіктері визаны Шенген елдері виза кодексінің қолданыстағы нормалары мен шетел азаматтарының елге келуіне қатысты ұлттық ережелер негізінде береді", - дейді өкілдіктегілер.

Еске сала кетейік, Ресей аумағы арқылы Қырымға барған қазақстандықтардың америкалық, ағылшын және Шенген визасын ала алмайтынын мәлімдеген Украина елшілігі автономды республиканың басып алынған аумақ екенін айтқан болатын. Украина елшілігі Қырымға Украина аумағы арқылы баруға кеңес береді. Бұлай болмаған жағдайда азаматтарға айыппұл, ел аумағына кіруге тыйым салу, тіпті тұтқындау шараларының да қолданылуы мүмкін екенін ескерткен еді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети