30 қыркүйек 2014 11:42

Қытай да Ресейге қыр көрсете бастады...

ПОДЕЛИТЬСЯ

blogs.korrespondent.net blogs.korrespondent.net

Қытай Ресейдің стратегиялық жақтастығынан қысас жасаушы қарсы тарапқа шығып кетті. Бұл осы аптадағы әлемдік саясаттағы нөмірі бірінші талқы тақырыбы боп жатыр деп жазады бірқатар халықаралық басылымдар. Мұндай жағдайда не болады?.. "Алаш айнасы" бұл сауал жауабына отандық мамандарды тартып көрді...


Қытай Ресейдің стратегиялық жақтастығынан қысас жасаушы қарсы тарапқа шығып кетті. Бұл осы аптадағы әлемдік саясаттағы нөмірі бірінші талқы тақырыбы боп жатыр деп жазады бірқатар халықаралық басылымдар. Мұндай жағдайда не болады?.. "Алаш айнасы" бұл сауал жауабына отандық мамандарды тартып көрді...

Бүгінгі таңда халықаралық құқықты бұзып жатқан Ресейге ашық келген Еуропалық одақ пен АҚШ қана десек те болады. Күндердің күні олардың қатарына Қытай келіп қосылады деген кім-кімнің де өңі түгілі түсіне енбеген. Өйткені Пекин бүгіндері Мәскеудің ең мықты стратегиялық әріптесі әрі досы боп саналады. Қалай дегенмен де осыған дейін ол солай боп келген...

Негізінен, халықаралық құқықты қанша жерден таптаса да бүгінгі дейін Путинді ашықтан-ашық масқаралауға ешбір ел басшысының дәті жетпеген. Өйткені оның қолындағы ядролық қару кез келгенді мәймөңкелетіп жіберуге қауқарлы. Алайда Қытай одан мүлде сескенбейтін сияқты.

еizvestia.com. сайтында жарияланған "Путинді жоғары деңгейде ашықтан-ашық мазақ қыла бастады. Ең бірінші қытайлар бастады" деген мақалада алдымен Австралия сыртқы істер министрінің астарлы сөзі келтіріліпті, бірақ Қытай жасаған іс-әрекет жанында оның шыбын шаққан құрлы болмай қалғандығы айтылады. Сөзбе-сөз келтіре кетелік: "Ғаламдық мәселелерге арналған G20 басты экономикалық форум боп табылатындығына толықтай кепілдік беретін мемлекеттер Ресей президенті мұнда келіп, Украинадағы өз әрекеттеріне қатысты халықаралық айыптауларды естіп кетуі керек деп санайды" дейді кекесінмен Австралия СІМ басшысы Джулия Бишоп. Алайда басылым, шынтуайтында бұл жиынға Путин қатысса, оның қателігін бетіне басып, қатты сөз айтатын бірде-бір саясаткер табылмайды, себебі барлығы да Ресейден қатты қорқады деп жазады. Мысалы 19 қыркүйекте Ресей үш бағытқа: Ұлыбританияға, Швецияға және АҚШ-қа қарай стратегиялық атқылаушы ұшақтарды жіберген. Бұл мемлекеттер де қарап қалмай, бірден өз атқыштарын көкке көтерген. Бірақ, Құдай сақтап, әскери қақтығыс орын алмаған. Осылайша әлемге айбат шеккен Путин ядролық бомба тастап жібере алатынын ашық білдірген.

Алайда жаңа "стратегиялық әріптесі" – Қытай Путинді мазақ ете алатын боп шықты деп жазады еizvestia.com сайты. Естеріңізде болса, 13 қыркүйекте Тәжікстанда Қытайға тасымалданатын жаңа газқұбырының учаскесі ашылған. Оның ашылу салтанатына Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонов пен КХР төрағасы Си Цзиньпин қатысқан болатын. Ал оның алдында бір апта бұрын "Сібір күші" орыс-қытай газқұбыры құрылысының іргетасын қалау салтанатына Кремльден Путиннің өзі келген, ал Қытай екінші адамын...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети