24 тамыз 2015 18:16

Қытай генералдары Жеңістің 70 жылдығына арналған шеру үшін салмақ тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қытай әскерінің генералдары Бейжіңде өтетін Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге дайындық кезінде салмақ тастады, - деп хабарлайды Lenta.Ru жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.


Қытай әскерінің генералдары Бейжіңде өтетін Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге дайындық кезінде салмақ тастады, - деп хабарлайды Lenta.Ru жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

"18-19 жастағы сарбаздарға қарағанда генералдардың шапшаңдығы, физикалық күші төмен. Дегенмен олар шеру кезінде жақсы көріну үшін барын салып, қосымша дайындалып жүр", - деді әскери қызметкерлерді мерекелік шараға дайындаумен айналысатын капитан Фэн Кайчунь (Feng Kaichun).

Басылымның мәліметінше, генаралдардың көбі бес келіге жуық салмақ тастаған. Олар қатардағы жауынгерлермен бірге дайындалып, жаттығу жасап жүр. Генералдардың басым бөлігі 55 жас шамасында.

Айта кетейік, Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына 70 жыл толуына орай өткізілетін шеру 3 жыркүйекте Бейжің қаласындағы Тяньаньмэнь алаңында болады. Оған 12 мың сарбаз және 50-ге жуық генерал қатысады. Көрермендерге жауынгерлік техниканың 500 түрі және әскери ұшақтар көрсетіледі.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети