17 сәуір 2016 16:33

Қытайда 500-ге жуық оқушы уланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация. © Discover Asia Иллюстрация. © Discover Asia

Қытайдағы Цзянсу провинциясында 500-ге жуық оқушы белгісіз заттан уланып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости Қытай орталық телевизиясына (CCTV) сілтеме жасап.


Қытайдағы Цзянсу провинциясында 500-ге жуық оқушы белгісіз заттан уланып қалды, - деп хабарлайды РИА Новости Қытай орталық телевизиясына (CCTV) сілтеме жасап.

Оқиға Чанчжоу қаласында болды. Жергілікті шет тілдер мектебі жаңа ғимаратқа көшкеннен кейін, оқушылар уланудың әр түрлі белгілерін сезе бастады. Балаларда терінің қабынуы, қан сараптамасының қорытындысында ауытқушылықтар, кейбіреулерінде лимфома мен лейкемия анықталды.

Кейін мамандар оқу ғимараты ауласының жерасты сулары мен ауасының уландырғыш заттармен ластанғанын анықтады. Қытай ақпарат құралдарының мәліметінше, мектеп ғимараты орналасқан жерде бұрын 3 химиялық зауыт болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети