Қытайдың Сычуань провинциясында екі дуагер әйел адамды тірідей ағаш бөшкеде қайнатқан. Бұл туралы lenta.ru сайты Chinanews.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қытайдың Сычуань провинциясында екі дуагер әйел адамды тірідей ағаш бөшкеде қайнатқан. Бұл туралы lenta.ru сайты Chinanews.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Өздерін сиқыршы санайтын екеу әйел адамнан жын шығарып, оның емін жазбақшы болған. Ол ауруынан әйел бірнеше жылдар бойы зардап шегіп келеді екен. Алайда дуагерлердің осы әрекеттеінен ештеңе өзгермеген.
27 желтоқсанда, сенбі күні кешкісін, әйел адамның айғайлаған дауысын естіген ауыл тұрғындары сол үйге жетіп барған. Сосын олар, ауылдағы тылсым күшке ие екі жергілікті тұрғынды алып келген. Олар дауысты адам емес, оның ішіндегі жынның дауысы екенін айтып, әйел адамды бөшкеге салып қойған.
Әйел адамды бөшкеден алып шыққан уақытта, оның беті қап-қара болып кеткен. Ол екі аяғынан тік тұра алмаған. Жедел жәрдем келгенше әйел қайтыс болған. Полицейлер өздерін емші санайтын екі адамды қамауға алған.