Қытайда халық саны бір жылда 5,3 миллион адамға артты

21 Қаңтар, 11:04
1
Қытайда халық саны бір жылда 5,3 миллион адамға артты - © pixabay.com
© pixabay.com

Қытайда (Гонконг, Макао мен Тайваньды қоспағанда) 2018 жылдың соңына қарай халық саны 5,3 миллионға артып, 1,395 миллиард адамға жетті. Бұл туралы ҚХР Мемлекеттік статистикалық бюродағылар айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бюро өкілдерінің мәліметінше, 2018 жылы Қытайда 15,23 миллион жаңа туған нәресте тіркеліп, туу коэффициенті 1 000 адамға 10,94 болған. Сондай-ақ, былтыр Қытайда қайтыс болған адамдардың саны 9,93 миллион болғаны айтылады.

"16-59 жас аралығындағы жұмыс істейтін тұрғындардың саны 897,29 миллион адамға азайып, жалпы халық санының 64,3 пайызы болды. 2017 жылы бұл көрсеткіш 64,9 пайыз болған еді", - деп жазады басылым.

Қытайда 70 жылда алғаш рет халық саны азайды

Сондай-ақ, 2018 жылдың соңында Қытайда 60 жастан асқан тұрғындардың саны 249,49 миллион болған айтылады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай