Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қытайда ит етіне арналған даулы фестиваль басталды

21 Маусым 2016, 17:35
0
© REUTERS
© REUTERS

Иттің еттеріне арналған жыл сайын өтетін фестиваль жануарларды қорғаушылар мен әлемдегі белсенділердің наразылықтарына қарамастан басталды, - деп хабарлайды BBC орыс қызметі. Фестиваль оңтүстікқытайлық Юйлинь қаласында өтеді. 10 күн ішінде ҚХР түкпірлерінен келген аспаздар 10 мыңға жуық жануардың етімен тамақ дайындауды жоспарлап отыр.

Иттің етін қолданбайтындардың көпшілігі бұл еттердің Қытай мен Кореяға тамақ әзірлеуге ыстық күндері керек екенін айтты. Айта кетейік, бұл өңірлерде тұратын халық иттің етін мыңдаған жылдардан бері жейді екен.

Сонымен қатар, жануарларды жаппай өлтіруге қарсы адамдар тобы бұл фестивальге тыйым салу үшін 11 миллион қол жинаған болатын. Бірақ жануарларды қорғаушылардың кейбірі иттерді олардан сақтау үшін сатып алады екен. Иттің етін сатушылардың бірінің айтуынша, бұл наразылықтар, керісінше, фестиваль туралы көп адамның білуіне себеп болды.

Ал жергілікті биліктегілердің айтуынша, бұл шараға ешкім ресми қолдау көрсетіп отырған жоқ және бұл жергілікті кәсіпкерлердің ақшаларына ұйымдастырылып отырған фестиваль.

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай