Қытайдың Хэбэй провинициясының шенеунігі Sina Weibo әлеуметтік желісінде ҚХР-дың бұрынғы төрағасы Мао Цзэдунды ібіліске теңеген шенеунік қызметінен қуылды, - деп хабарлайды Global Times.
Қытайдың Хэбэй провинициясының шенеунігі Sina Weibo әлеуметтік желісінде ҚХР-дың бұрынғы төрағасы Мао Цзэдунды ібіліске теңеген шенеунік қызметінен қуылды, - деп хабарлайды Global Times.
Басылымның мәліметінше, Шицзячжуан қаласында баспалар, баспасөз, кинематография, радиотаратылым және телевизия (SAPPRFT) мемлекеттік басқармасының жетекшісінің орынбасары Цзо Чуньхэ өз аккаунтында Мао Цзэдунды "ібіліс" деп атап, жыл сайын 26 желтоқсанда туған күнін атап өтуді "жеке басқа табынудың әлемдегі ең ірі көрінісі" деп атады.
Осы жазбасынан кейін Цзо Чуньхэ қызметінен босатылып, оған әкімшілік ескерту жасалды. Қазіргі уақытта экс-шенеуніктің Weibo желісіндегі аккаунты өшірілген.
Айта кетейік, Мао Цзэдун Қытай төрағасы қызметін 1954 жылдан 1959 жылға дейін атқарған.