01 қыркүйек 2019 10:17

Қытайдағы америкалық компаниялардың 13 пайызы кәсібін тоқтатпақ

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хабар 24 Хабар 24

Қытайдағы америкалық компаниялардың 13 пайызы өз кәсібін тоқтатып, АҚШ-қа оралмақшы, - деп хабарлайды Хабар 24.


Қытайдағы америкалық компаниялардың 13 пайызы өз кәсібін тоқтатып, АҚШ-қа оралмақшы, - деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл туралы Президент Дональд Трамп мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл көрсеткіш алдағы уақытта өсе түспек.

"Себебі АҚШ-тың баж салығы Қытайға қиын соғып жатыр. Салдарынан Бейжің ұлттық валютасын бағамын төмендетіп, экономикасына ақша құюға мәжбүр", - дейді Ақ үй қожайыны.

Ал кей ақпарға қарағанда Вашингтон Бейжіңнен империялық Қытай кезіндегі америкалықтардың сатып алған құнды қағаздарын төлеуді талап еткелі отыр. Оның көлемі - 1 триллион доллар.

Еске салсақ, өткен аптада Қытай Құрама Штаттардан импортталатын тауарларға жалпы құны 75 миллиард доллар болатын қосымша баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Ал президент Трамп оған жауап ретінде қазан айынан бастап Қытайдан әкелінетін барлық тауарға алымды өсіретінін жеткізді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети