13 сәуір 2015 16:27

Қытайдағы жол апатынан Lamborghini мен Ferarri ойран болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ойран болған Ferarri. © freemalaysiatoday.com Ойран болған Ferarri. © freemalaysiatoday.com

Қытайда жол апатына түскен Lamborghini автокөлігі ойран болып, Ferarri қатты зақымданды, - деп хабарлайды BBC News. Оқиға Пекиннің туннелінде болды. Жасыл түсті Lamborghini автокөлігінің алдыңғы жағы жұлынып кетті. Ал қызыл Ferarri есіксіз қалды. Сонымен қатар, оның бүйірі мен артқы жағы жапырылып қалды.

Туннельге де зақым келді. Қытайдағы жол-көлік оқиғасының салдарынан қабырғаның бір бөлігі қопарылып, қоршаулар сынды. Сенбі, 11 сәуірде болған жол апатынан бір адам зардап шекті. Айта кетейік, осы күні жауын қатты жауды. Құқық қорғау органдары жол апатының себептерін анықтап жатыр. Куәгерлердің айтуынша, бұл туннель көлік жарыстары үшін жиі қолданылады. Одан бөлек, көліктердің соқтығысы Шанхайдағы автокөлік жарысымен және "Форсаж" фильмінің кезекті бөлімінің шығуымен тұспа-тұс келді. Киноның кейіпкерлері спорттық көліктермен қауіпті жарыстарды жиі ұйымдастырады. 

Полицияның мәліметінше, Қытайдағы жол-көлік оқиғасына қатысқан екі жүргізуші де шамамен 20 жаста. Екеуінің де жұмыссыз екені белгілі болып отыр. Құқық қорғау органдарының мұндай мәлімдемесі Интернет қолданушылары арасында сұрақ туғыза бастады. "Олардың есімдері кім? Олардың әкелері кімдер?", - деп қызығушылық танытты блогерлердің бірі. Ал өзгелер бұл талқыны қалжыңға айналдырып, социализм жұмыссыздарға супер көліктерді айдауға ерік береді деп мәлімдеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети