20 қыркүйек 2014 15:54

Қытайдың ең ірі интернет дүкені Alibaba акцияларын Facebook пен Amazon тәрізді саудаға шығара бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Reuters/Chance Chan ©Reuters/Chance Chan

 Қытайдың ең ірі интернет дүкендерінің бірі саналатын Alibaba-ның акциясын Facebook және Amazon акциялары тәрізді капиталға айналдыруға болады,-деп хабарлайды The Wall Street Journal.


 Қытайдың ең ірі интернет дүкендерінің бірі саналатын Alibaba-ның акциясын Facebook және Amazon акциялары тәрізді капиталға айналдыруға болады,-деп хабарлайды The Wall Street Journal.


Аса ірі интернет дүкендер желісінің белгілеу бағамы қор нарығында 40 пайызға дейін өсім берген. Алғаш саудаға түскен акцияларының құны 92,7 доллар болса, қазірде олардың құны өсуін жалғастырып 99, 70 долларға дейін жетті.


Сауданы қортындылауда инвесторлар Amazon капиталын 149 миллиард доллар, Facebook капиталын 199,3 миллиард доллар, eBay капиталын 64 миллиард доллар деп есептеді. Ал  Alibaba Group Holding капиталын 245 миллиард долларға дейін арттырып, саудадағы он ірі компаниямен рейтингін қатарластырды. 


19 қыркүйек күні халықтық IPO сатылымында Alibaba акцияларының құны 68 долларға жетіп, капиталы 167,6 миллиард доллар болған еді. Халықтық IPO-ға компания 13 пайыздық құнды қағаздарын шығарған.

Айта кету керек, Alibaba интернет дүкендер желісі 1999 жылы Джек Ма және оның 17 серіктесінің бірігуімен құрылған. Бастапқыда жобаға 60 мың доллар қаржы салынған. Қазір бұл дүкен арқылы Қытайда бөлшек саудада 90 пайызға жуық келісім жасалады. Джек Ма қазір Қытайда ең ауқатты адамдардың қатарына енген. Оның байлығының құны 21,9 млрд. долларға бағалануда

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети