05 желтоқсан 2018 11:11

Қытайдың "қайта тәрбиелеу лагерлері" - бұрынғы тұтқындар көрген азабын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

ҚХР-дағы Шынжаң Ұйғыр автономиялық ауданында мұсылмандарға арналған лагерь бар, ол жерге түскендер тергеу кезінде азапталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Журналистер лагерь туралы бар ақпараттарды зерттеп шықты. Ол жердегі адамдардың саны БҰҰ бағалауы бойынша миллионнан асады.


ҚХР-дағы Шынжаң Ұйғыр автономиялық ауданында мұсылмандарға арналған лагерь бар, ол жерге түскендер тергеу кезінде азапталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Журналистер лагерь туралы бар ақпараттарды зерттеп шықты. Ол жердегі адамдардың саны БҰҰ бағалауы бойынша миллионнан асады.

Агенттік мәліметтері бойынша, бұл камераларға ҚХР-дың мұсылман сеніміндегі азаматтары түседі. Олардың арасында көбі ұйғырлар бірақ, қазақтар да бар. Олар адам толы камераларда тұруға мәжбүр болады және әр күндері идеологиялық тергеумен басталады.


© REUTERS

Өз кезегінде Қытай "қайта тәрбиелеу лагерлеріндегі" адамдардың көбі мұсылмандар екенін жоққа шығарады. Қытай тарапының мәлімдеуінше, бұл нысандар кәсіби дайындық орталықтары болып табылады және олар терроризммен және діни экстремизммен күресті күшейтудің бір бөлігі болып саналады. Алайда журналистерді қарулы күзетшілер лагерге кіргізбейді.

Earthrise Media тобы спутник арқылы мәліметтер алды және сондай 39 лагердің мәліметтерін зерттеп, тендерлер туралы ақпараттарды сараптады. Шығындарын есептеу мүмкін болмады, бірақ болжам бойынша, мысалы Қашқардағы лагерлердің бірінің құрылысына 45,6 миллион доллар жұмсалған болуы мүмкін.


© REUTERS

Журналистер спутник арқылы анықтаған деректер бойынша, лагерлердің жалпы аумағы 1 миллион шаршы метрден асады - 140 футбол алаңы. Қазір тағы 67 ғимарат тұрғызылып жатыр, олардың жалпы аумағы 210 000 шаршы метр.


© REUTERS

Шынжаң Ұйғыр автономиялық ауданының тұрғындары бостандықтарының қатаң шектелгенін айтады. Жақында қолданылған шаралардың арасында мыналар бар - ер адамдардың "қалыпты емес" сақалдарына тыйым салу және Меккеге қажылыққа баруды шектеу. Мешіт, қонақүй сияқты көпшілік орындарда тәулік бойы бақылау тұрады, олардың көпшілігі адамның түрін анықтай алатын камералар. Дегенмен, бұл ауданның өзі тұрақсыз, мысалы, 2014 жылы сепаристер 31 адамды өлтірген. 


© REUTERS

Журналистер сол лагерде болған сегіз адаммен сөйлесті, олар түрмедегі өмір туралы айтып берді. Олардың төртеуі - ұйғыр, қалған төртеуі - этникалық қазақ. Олардың кейбірінің айтуынша, тергеу кезінде оларды орындыққа байлаған. Оларға ұйқы берілмеген. Айтуларынша, олардың әр қимылы, тіпті дәретханаға баруы камерамен және микрофонмен бақыланған.

Олардың сөзіне қарағанда, таңнан бастап кешке дейін олар саяси өңдеуден өткен. Олар қытай заңдары мен коммунистік партияның саясатын жаттауға міндеттелген, сонымен қатар, мемлекеттік әнұран мен өзге дәстүрлі әндерді айтқан. Олардың айтуынша, коммунистік партия нақылдарының жолдарын жаттай алмағандарға тамақ берілмеген.


© REUTERS

Олардың бірі - 30 жастағы Қайрат Самарқан. Ер адам үйін сату үшін 2017 жылдың аяғында Қазақстаннан Алтайға қайтып барған. Оның айтуынша, лагердегі жағдай өзіне қол салу туралы ой туғызған. "Оны қалай істеймін деп көп ойландым", - деді ол. Ақыры ол бір күні шешім қабылдаған. Ол жүгіріп барып, қабырғаға басын соққан. Самарқан көзін ауруханада ашқан. 2018 жылы ақпанда оны босатып, ол Қазақстанға оралған.  

ҚХР үкіметі Reuters агенттігіне сұхбат бергендердің мәлімдемелері бойынша жауап берген жоқ.


© REUTERS

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети