09 маусым 2015 11:34

Қытайдың солтүстігінде жаппай атыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қытайдың солтүстігінде жаппай атыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті CCTV телеарнасына сілтеме жасап. Салдарынан төрт адам қаза тапты, оның ішінде құқық қорғау органының екі қызметкері бар.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, жаппай атыс бүгін, яғни 9 маусымда Хэбэй аймағынында болған. Қаза тапқандардың ішінде кем дегенде біреуі атысқа қатысқан болуы мүмкін. Алдын ала болжам бойынша, 5 адам жарақат алды.

Айта кетейік, Қытайда мұндай атыстар өте сирек болады. Себебі, бұл елде қаруды тарату өте қатаң бақылауға алынған, жеке тұлғаларға қару өте сирек сатылады. Дегенмен, мұндай жағдайлар АҚШ-та көп болып тұрады. Мысалы, 2014 жылдың 13 желтоқсанында Колорадо штатының Сентенниал қаласындағы Карл Пирсон (Karl Pierson) мектебінің 18 жастағы оқушысы оқытушылардың бірін өлтіргісі келген. Іздеген адамын таппаған ол оқ жаудыра бастады. Салдарынан 17 жастағы оқушы қыз жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети