Қытайдың Хубэй аймағының тұрғыны 25 миллион юань (3,7 миллион доллардай) көлеміндегі кредитті төлемес үшін пластикалық операция жасатқан, - деп хабарлайды РИА Новости порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Сот шешімінен кейін 59 жастағы Чжу Нацзюань пластикалық от жасатып, белгісіз жаққа кетіп қалған.
Агенттік мәліметі бойынша, ол шілде айында бөгде біреудің құжатымен билет алмақ болған кезде Шэньчжэнь қаласында ұсталған. Полицейлер оны ұстауға келген сәтте таңданып қалған екен, өйткені әйел өзіне мүлде ұқсамаған. Полицейлердің сөзінше, ол 30 бен 40 жас аралығындағы әйелге ұқсап қалған.
Кейінгі жылдары Ухань қаласының билігі кредит төлегісі келмейтіндермен қатаң күресіп жатыр. Биылғы алты айда қалада міндеттерден қашқан 186 адам ұсталған.