25 қаңтар 2020 10:24

Қытайлық коронавируспен ауырған бірінші науқас айығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Шанхайда коронавирустың 2019-nCoV жаңа түрін жұқтырған бірінші науқас жазылды. Бұл туралы Sina басылымы Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.


Шанхайда коронавирустың 2019-nCoV жаңа түрін жұқтырған бірінші науқас жазылды. Бұл туралы Sina басылымы Қытайдың Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясына сілтеме жасап хабарлайды.

Шанхайлық дәрігерлердің айтуынша, 56 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы коронавирус тараған Ухань қаласында болған. 10 қаңтарда ол өзін жайсыз сезінген, екі күннен соң Шанхайға келген, 15 қаңтарда ол ауруханаға жатқызылды. Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы оның коронавирусты жұқтырғанын анықтаған, бұл өңірдегі бірінші жағдай болған. 

Ведомствоның есебінде емдеу барысында әйелдің жағдайы жақсарғаны, ал алты күнде дене қызуы нормадан аспайтыны айтылған. Оның тыныс алуы да жақсарған, ал вирустың нуклеин қышқылдарының реакциясын тексеретін тест нәтижелері оның ауру еместігін көрсеткен. Оның жай-күйін бағалай отырып, комиссияның сараптамалық тобы оны ауруханадан шығаруға болатын қорытындыға келді.

Сонымен қатар, РИА Новости мәліметінше, коронавирустың жаңа түрі француздық Париж мен Бордо қалаларында тіркелген. Бұл туралы Францияның Денсаулық сақтау министрі Аньес Бузен мәлімдеді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети