20 қаңтар 2020 11:15

Қытайлық пневмонияны жұқтырудың жаңа деректері анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайда коронавирустың жаңа түрінен шыққан пневмонияны жұқтырудың жаңа деректері анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости


Қытайда коронавирустың жаңа түрінен шыққан пневмонияны жұқтырудың жаңа деректері анықталды, - деп хабарлайды РИА Новости

20 қаңтарда Бейжің әуежайында екі адамның дене қызуы көтеріліп, ауруханаға жеткізілді. 

"Бұрын олар Ухань қаласына барған. Клиникалық симптомдарды зерттеу негізінде емделушілер коронавирустың жаңа түрін жұқтырғаны анықталды", - делінген Бейжіңнің оңтүстігіндегі Дасин аудандық денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі комитетінің мәлімдемесінде.

Қытайда пневмониядан қайтыс болғандардың саны өсіп жатыр

Екі адам ауруханаға жатқызылды және карантиндегі мамандардың тұрақты бақылауында болады, олардың жағдайы тұрақты. Сол адамдармен байланыста болған азаматтар да бақылауға алынды. Оларда әзірге ауру белгілері анықталған жоқ.

Қытай пневмониясы Жапонияға жетті

Сондай-ақ, 20 қаңтарда Шэньчжэнь қаласында пневмония жұқтыру дерегі анықталды. Қала тұрғыны 29 желтоқсанда Ухань қаласында тұратын туған-туыстарына барып, 3 қаңтарда дене қызуы көтеріліп, пневмония белгілері пайда болған. 4 қаңтарда ол Шэньчжэньге оралған, алайда ауруханаға тек 11-і ғана түскен. 

Шэньчжэнь қаласында тағы сегіз тұрғын ауру жұқтырды деген күдікпен ауруханаларда жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети