25 қаңтар 2017 14:39

Қытайлық СІМ Ресеймен шекаралас аумақтарға құрлықаралық зымырандарын орналастыру туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Қытайдың Dongfeng-41 құрлықаралық зымырандары Ресей шекарасы маңына тартылды деген хабар жорамал ғана. Қытайдың сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости


Қытайдың Dongfeng-41 құрлықаралық зымырандары Ресей шекарасы маңына тартылды деген хабар жорамал ғана. Қытайдың сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды РИА Новости

Сейсенбі күні қытайлық Global Times газеті аспан асты елінде жасалған, мың шақырымға дейін ұшатын DF-41 құрлықаралық балистикалық зымырандарының суреттері интернетте пайда болғаны туралы жазған. БАҚ мәліметі бойынша, бұл зымырандарыдың үш бригадасының бірі Ресеймен шектесетін елдің солтүстік-шығысындағы Хэйлунцзян аймағына көшірілген. 

"Қазіргі кезде Ресей мен Қытай арасындағы стратегиялық серіктестік пен өзара ықпалдастық өте жағары деңгейде. Сонымен қатар, өзге салалар бойынша да екі ел арасындағы қарым-қатынастар нығайып келеді. Ал әскери күштерді бағыттау мәселесіне келсек - бұл ғаламторда тарап жатқан жорамал мен болжам ғана", - делінген ҚХР сыртқы саяси ведомствосының жазбаша берілген пікірінде. 

РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков БАҚ бетінде пайда болған осы ақпаратқа байланысты Мәскеудің Қытайдың қаруын дамытуы қауіп ретінде қабылданбайтынын айтқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети