04 ақпан 2014 21:12

Лаңкестік жасаған мәскеулік бала озат оқушы болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Мәскеудің Басман соты мектепте лаңкестік жасаған 10-сынып оқушысына бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін жабық жағдайда талқылайды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап. Тергеушілердің мәліметінше, оқушы сол күні арақ ішпеген, бірақ көңіл күйі нашар болыпты. Сыныптастарының жауабына қарағанда, бұл жасөспірімнің оқу үлгерімі жақсы болған, ол, тіпті, келер жылы мектепті алтын медальмен аяқтауды жоспарлап жүрген. Тұйық болса да не сыныптастарымен, не мұғалімдерімен жанжалдасып көрмеген оның не себепті мұндай әрекетке барғаны әзірше беймәлім. Жасөспірімнің мүддесі үшін тергеушілер сот тыңдауының жабық жағдайда болуын өтінген. Судья Наталья Мушникова өтінішті қанағаттандырды. Сот отырысы алдында баланың жеке басы туралы мәліметтер анықталды. Бұлтартпау шарасын қолдану мәселесін талқылауға аса маңызды істер жөніндегі тергеуші, прокурор, жасөспірімге тағайындалған адвокат, заңды өкіл - Отрадное аудандық әлеуметтік қорғау органының қызметкері қатысып жатыр. Еске сала кетейік, бұл оқиға өткен дүйсенбіде болған еді. Мәскеудің солтүстік-шығысындағы №263 орта мектепке осы мектептің 10-сынып оқушысы қолына винтовка мен аңшы карабинін ұстап кірген. Күзетшіге қару кезеніп ішке еркін енген ол бір мұғалімді атып тастайды. Одан кейін 20-ға жуық оқушыны кепілге алады. Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері де оқтың астында қалды. Бір қызметкер қайтыс болып, екіншісі жараланды. РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркиннің айтуынша, қарулы оқушы барлығы 11 рет оқ атқан. Тәртіп сақшыларының операциясы нәтижесінде қарулы жеткіншек ұсталып, кепілге алынғандар босатылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети