Лас-Вегастағы қанды қырғын кезінде америкалық әйелдің өмірін iPhone құтқарып қалды

04 Қазан 2017, 21:43
0
Лас-Вегастағы қанды қырғын кезінде америкалық әйелдің өмірін iPhone құтқарып қалды - @ODSmediaoutfit
@ODSmediaoutfit

Лас-Вегастағы қанды қырғын кезінде америкалық әйелдің өмірін iPhone құтқарып қалды, - деп хабарлайды L!FE басылымы жергілікті KLAS телеарнасына сілтеме жасап.

Атқыштың оғы келіншектің iPhone смартфонына тиіп, сонда тұрып қалған. 

Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты. Қырғын жасағаннан кейін ер адам өзіне қол жұмсаған, ал полицейлер нөмір ішінен сегіз дана қару тапқан.

KNTV телеарнасы атқыштың қаруды екі платформаған орнатқанын анықтапты. Сонымен қатар, ол полицейлердің қалай келіп жатқанын камера арқылы көріп отырған. Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихында адам өлімі ең көп тіркелген оқиға болып отыр. Мұның алдында 2016 жылдың 12 маусымында Орландода болған қырғын қаза тапқан адам саны бойынша ең көбі еді. Сол кезде Pulse гей-клубында 49 адам өлтіріліп, 53-і жарақат алған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай