06 қазан 2017 09:46

Лас-Вегастағы қырғын: БАҚ бүкіл әлемге суреті тараған батыл жігіттің кім екенін анықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Trendolizer © Trendolizer

Лас-Вегастағы жаппай қырғын кезінде БАҚ бүкіл әлемге суреті тараған батыр жігіттің кім екенін анықтады. Ол жігіт әйел адамды денесімен жауып оқтан құтқарған. Сонымен қатар, ол қансыраған адамдарды көрмеуі үшін қыздың бетін жапқан. Бұл сәтті фотограф Дэвид Беккер түсіріп алған. 


Лас-Вегастағы жаппай қырғын кезінде БАҚ бүкіл әлемге суреті тараған батыр жігіттің кім екенін анықтады. Ол жігіт әйел адамды денесімен жауып оқтан құтқарған. Сонымен қатар, ол қансыраған адамдарды көрмеуі үшін қыздың бетін жапқан. Бұл сәтті фотограф Дэвид Беккер түсіріп алған. 

Daily Mail журналистері ер адамның есімі Мэтью Кобос (Matthew Cobos) екенін анықтаған. Ол АҚШ әскерінің сарбазы екен, Гавай аралдарында борышын өтеп жүр. Кобос АҚШ Қарулы күштерінің кавалериялық барлаушы атағын иеленген.  

Желіде осы драмалық сурет пайда болған кезде, әйел адамның жараланғаны не қаза болғаны белгісіз еді. Фото авторының айтуынша, осы сурет түсірілгеннен кейін бірнеше сәт өткенде олар орнынан тұрып, жақын жердегі көліктің артына барып жасырынған. 

Әйел адамның қауіпсіз екеніне көз жеткізген жігіт, жараланғандарға көмектесу үшін қайта оралған. Ол оқ тиген жерлерді алақанымен қысып, қан тоқтату үшін белбеуін пайдаланған. 

Кейінірек ол өз үйіне Калифорнияға қайтқан. 

Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты. 

Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихында адам өлімі ең көп тіркелген оқиға болып отыр. Мұның алдында 2016 жылдың 12 маусымында Орландода болған қырғын қаза тапқан адам саны бойынша ең көбі еді. Сол кезде Pulse гей-клубында 49 адам өлтіріліп, 53-і жарақат алған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети