08 қазан 2017 09:57

Лас-Вегастағы қырғын: Полиция атқыш жазған хатты тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полиция қызметкерлері Лас-Вегас атқышына қатысты жаңа деректерді анықтады, - деп жазады CBS.


Полиция қызметкерлері Лас-Вегас атқышына қатысты жаңа деректерді анықтады, - деп жазады CBS.

Атқыш Стивен Пэддок тоқтаған қонақүйдің бөлмесінен атқыштың хаты табылды. Ол хатында қандай қашықтықта ату керек және көбірек адамды өлтіру үшін қай жаққа қарай ату керектігі жайлы жазған. Полицей Дэйв Ньютонның айтуынша, ол хатты терезе жақтағы тумбочкадан тапқан.

"Мен хатта қашықтық жайлы және биіктік жайлы жазған өлшемдерін көрдім. Ол барлығын есеп, қайда және қалай ату керектігін барлығын өлшеп жазып қойған", - деді полицей.

Еске салайық, 1 қазанда Лас-Вегастағы музыка фестивалінде атыс шығып, 59 адам қаза тапқан, тағы 500-ден аса адам зардап шеккен. Фестивальде оқиға кезінде 22 мыңдай адам болыпты. 

Лас-Вегастағы қырғын АҚШ тарихында адам өлімі ең көп тіркелген оқиға болып отыр. Мұның алдында 2016 жылдың 12 маусымында Орландода болған қырғын қаза тапқан адам саны бойынша ең көбі еді. Сол кезде Pulse гей-клубында 49 адам өлтіріліп, 53-і жарақат алған болатын.

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 451.08   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети