11 наурыз 2014 22:02

Латвия министрлердің Waffen SS салтанатты шеруіне қатысуына тыйым салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Латвия үкіметі министрлеріне 16 наурыз күні Waffen SS әскері құрамындағы жауынгерлерді еске алу шеруіне қатысуға тыйым салды деп хабарлайды DELFI. Мұндай шешімді осы елдің премьер-министрі Лаймдоту Страуюма қабылдап отыр. Бұған қатысты елдің сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хатшысы Андрей Пилдегович "бұл тыйым еске алу рәсіміне қатысатындардың құқын шектеу, бірақ сөз бостандығын шектей алмайды. Әрбір Латвия азаматының еске алуға құқы бар. Біздің мемлекетіміз 11 қараша күні Лачплесис мейрамында ел әскерінің ерлігін насихатайды" - деді. Айта кету керек, Лачплесис күні - Латвияның мемлекеттік мейрамы. 1919 жылғы 11 қарашада Бермонт әскерлерінің Ригаға шабуылдарын жас латвиялық әскери құрылымдары қайтарған. Осы оқиғаға байланысты 1919 жылдың 11 қарашасында Лачплесис жауынгер ордені бекітілген. 1920 жылғы 18 қарашадан бері орденнің жарғысы және оның "Латвия үшін" ұраны қабылданды. Содан бері бұл елде осы күн мемлекеттік мейрам саналады. Міне, осыны ескергендіктен ел үкіметі бұдан былай Waffen SS салтанатты шеруіне деген насихатты төмендетпек. Дегенмен, бұған дейін Латвияның қоршаған орта және өңірлік даму министрі Эйнар Цилинскис Waffen SS, салтанатты шеруінен қалыс қалмайтынын, себебі 16 жыл бойына қатысып келе жатқанын айтқан болатын. Министрлер кабинетінің дауысқа салуы бойынша Цилинскис министрлердің шеруге қатысуына салынатын тыйымға қарсы дауыс берген. Ал елдің ішкі істер министрі Рихард Козловскис Цилинскистің позициясына қатысты пікір білдіруден бас тартып, оның шешімді өзі қабылдайтынын мәлім еткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети