06 қараша 2016 14:32

Латвияда төрт төбет 5 жасар қызды талап тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© gorodsobak.com © gorodsobak.com

Латвияда иттер бес жасар қызды талап тастады. Оқыс оқиға Бабите ауылында болған, - деп хабарлайды РИА Новости Мемлекеттік полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Латвияда иттер бес жасар қызды талап тастады. Оқыс оқиға Бабите ауылында болған, - деп хабарлайды РИА Новости Мемлекеттік полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сол үйде тұратын Бордос догтары кішкентай қызды өлгенше талап тастаған. Полиция мәліметінше, ата-аналары балаларын - бес жасар қыз бен үш жасар баланы - әжесінің қолына тастап кеткен. Осыдан кейін әжесі балаларды өзінің егде тартқан анасының қарамағына тастап жұмысына кеткен. 

Егде жастағы әйел сыртқа қар тазалауға шыққанда, балалар қармен ойнап жүрген, осы кезде иттер қызды талай бастаған. Үлкен әжесі иттер қумақшы болғанымен шамасы жетпеген. Кішкентай қыз бала жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған. "Осы іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деді полициядағылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети