19 қазан 2017 16:38

Lexus мінген қыздың бір топ адамды қаққан сәті түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Украинаның Харьков қаласында бейнебақылау камералары жантүршігерлік жол апатын түсіріп алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды РЕН ТВ.


Украинаның Харьков қаласында бейнебақылау камералары жантүршігерлік жол апатын түсіріп алды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, - деп хабарлайды РЕН ТВ.

Оқиға 18 қазанда болды. Бейнеролик Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. 

Lexus жүргізушісі 20 жастағы Алена Зайцева Харьков қаласының Сумской көшесіндегі бір топ адамды қағып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес адам қаза тапты, ал алты адам ауруханаға жеткізілді. Тағы екі адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің бірі - жүкті әйел ес-түссіз жатыр. 

Осы дерекке қатысты іс қозғалды. Жол апатына кінәлі қыз қамауға алынды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети