05 сәуір 2017 22:46

Лондон әуежайында Владимир Путиннің бұрынғы әйелі қазіргі күйеуімен бірге суретке түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"СтарХит" порталы Ресей президентінің бұрынғы әйелі мен бизнесмен Артур Очеретныйдың суреттерін жариялады. 


"СтарХит" порталы Ресей президентінің бұрынғы әйелі мен бизнесмен Артур Очеретныйдың суреттерін жариялады. 

Суреттер 28 наурызда Лондонның "Хитроу" әуежайында түсірілген. Сурет авторының сөзінше, бұл жұп Мәскеу - Лондон бағытындағы "Аэрофлот" әуе компаниясының рейсінен түскен. 

"Мен халықтың біреулерге бұрылып қарай бергенін байқадым. Әрине, қызығушылығым туды. Алдымен әсем киінген ер адам жүк арбасын итеріп келе жатты, артынан дәл сондай арбамен әйел болды. Ол да өте жақсы киінген. Мен бірден президентіміздің бұрынғы әйелін таныдым. Сосын айналасындағылар ол туралы бірдеме айтып жатты. Кейін олар сыртқа шықты", - деп келтіреді басылым Анатолий атты ресейліктің сөзін. 


© instagram.com/starhit.ru

Владимир Путиннің бұрынғы әйелі 2016 жылы тұрмыс құрған болатын. Бұл туралы "Собеседник" журналы жазған еді. Журналдың тұжырымы бойынша, 58 жастағы Людмила Путинаның қазіргі күйеуі  37 жастағы Тұлғаларалық қатынастарды дамыту орталығы мен "Литературная учеба" баспасының басшысы Артур Очеретный.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков басылым тұжырымына қатысты пікір білдіруден бас тартқан. 

2017 жылдың 5 сәуірінде "Медуза" басылымы Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығының (OCCRP) тілшісі Олеся Шмагунның журналистік тергеуін жариялаған болатын. Онда Артур Очеретный Франциядағы құны 6 миллион еуро болатын зәулім вилланың иесі екені айтылған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети