Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Лондон метросында қолына ұзын пышақ ұстаған ер адам жолаушыларға шабуылдады 06 желтоқсан 2015, 11:00

Куәгерлердің айтуынша, ер адам "Бұл Сирия үшін" деп айғайлап, метро жолаушыларының бірін бауыздаған.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Лондон метросында қолына ұзын пышақ ұстаған ер адам жолаушыларға шабуыл жасады, - деп хабарлайды The Telegraph. Алдын ала мәлімет бойынша, үш адам зардап шеккен, олардың біреуі ауыр халде жатыр.

Оқиға 5 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 19.05-те Лейтонстоун бекетінде болды. Куәгерлердің айтуынша, ер адам "Бұл Сирия үшін" деп айғайлап, метро жолаушыларының бірін бауыздаған. Оқиға орнына жеткен полицейлер шабуыл жасаған адамды электрошокердің көмегімен ұстады.

Ұлыбритания полициясы бұл шабуылға теракт деген баға берді.

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram