04 маусым 2017 10:48

Лондон полициясы бүгін түнде болған оқиғаны теракт деп бағалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Лондон полициясы бүгін түнде болған оқиғаны террористік әрекет деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.


Лондон полициясы бүгін түнде болған оқиғаны террористік әрекет деп бағалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қаза тапқандардың ішінде Қазақстан азаматтары жоқ.

"Лондон полициясы бүгін түнде болған оқиғаны террористік әрекеті деп бағалады. Осы уақытқа дейін бар ақпарат бойынша, Лондондағы шабуылдар салдарынан қаза болған және зардап шеккендердің арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл алдын ала ақпарат. Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі тиісті анықтау жұмыстарын жалғастыруда", - деп хабарлады ҚР СІМ ресми өкілі Әнуар Жайнақов Facebook желісінде.

Еске салайық, бүгін түнде Лондонның орталығында екі бірдей теракт болған еді. Лондон көпірінде бастапқыда микроавтобус бір топ адамды қаққан, кейін көліктен қаскөйлер шығып, көшедегілерді пышақтай бастаған. Полиция, соңғы мәлімет бойынша, екі адамның қаза тапқанын және 20 адамның зардап шеккенін хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети