14 тамыз 2017 15:42

Лондондағы атақты Биг-Бен сағатының қоңырауы төрт жыл соқпайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© positime.ru © positime.ru

Биг-Бен атымен белгілі Лондондағы Вестминстер мұнарасының қоңырауы 21 тамыздан бастап тоқтатылады. Бұл туралы Британия парламентінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды RT.


Биг-Бен атымен белгілі Лондондағы Вестминстер мұнарасының қоңырауы 21 тамыздан бастап тоқтатылады. Бұл туралы Британия парламентінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды RT.

Бұл төрт жылға созылатын жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр. 

Сағат қорғаушысы Стив Джаггздың сөзінше, 2021 жылға дейін белгіленген жұмыстар сағаттар мен ол орнатылған Елизавета мұнарасының ұзақ жыл сақталуына бағытталған. 

Биг-Бен соңғы 157 жылда үздіксіз қызмет еткен, соңғы рет оны 2007 жылы алдын алу жұмыстарын өткізу үшін жапқан, ал күрделі жөндеу 1980 жылдары ғана жасалған. 

Мұнарадағы төрт циферблат та жөнделеді, алайда олардың бірі әрдайым адамдарға көрініп тұратындай болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети