14 маусым 2014 14:53

Луганскіде бортында 49 әскериі бар ұшақ атып түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет YouTube-тегі бейнежазбадан алынды Сурет YouTube-тегі бейнежазбадан алынды

14 маусымның түнінде Луганскінің үстімен ұшып бара жатқан ИЛ-76 ұшағы құлап түсті деп хабарлайды ТСН украиндық порталы. Алдын ала белгілі болған мәліметтер бойынша, әскери әуе көлігі бортында 49 адам болған.


14 маусымның түнінде Луганскінің үстімен ұшып бара жатқан ИЛ-76 ұшағы құлап түсті деп хабарлайды ТСН украиндық порталы. Алдын ала белгілі болған мәліметтер бойынша, әскери әуе көлігі бортында 49 адам болған.

Кейбір болжамдарға сүйенсек, борттағылардың барлығы украиндық әскерилер. Бірқатар БАҚ-та жарияланып үлгерген деректерге сенсек, Луганск үстінен ұшып бара жатқан ұшаққа жерден зымырандар оқша жауған. Әуе кемесі жергілікті әуежай территориясына кеп құлаған. Жоғары рада депутаты Анатолий Грициенко ұшақта Мелитополь авиациялық көлік бригадасының 9 мүшесі және Днепропетровск әуе-десанттық бригадасы 25-бөлімшесінің 40 десантшысы болғанын мәлімдеді.

РИА Новости Луганск үшін күресіп жатқан сарбаздар (ополченцы) ұшақты атып түсіргендерін растап, жауапкершілікті өз мойындарына алатындықтарын айтқанын хабарлайды. БАҚ таратқан хабарламада бүгіндері қалада дабыл белгісі іске қосылған. Луганск Халықтық Республикасының баспасөз қызметіндегілер қалаға украиндық бірнеше әскери ұшақтың жақындап келе жатқанын айтады, алайда Украина билігі бұл мәліметті нақтыламады.

Ғаламторда Луганскіде күл-талқаны шыққан ұшақтың бейнежазбасы пайда болған. Онда көкке зымырай көтерілген снаряд анық көрінеді, ол бағыт алған өз нысанына дөп тиіп, артынан бұрқ еткен от көрінеді. Бұл зымыранның әуе кемесіне кеп тигенін көрсетеді. Одан кейін жерде қатты жарылыс болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети