16 қазан 2015 13:55

Лукашенко Назарбаевты интегратор-адам деп атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко. © president.gov.by Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко. © president.gov.by

Беларусь президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықтар достастығының орденін табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бурабайдан.


Беларусь президенті Александр Лукашенко Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа Халықтар достастығының орденін табыс етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бурабайдан.

"Бұл шара әдеттегідей емес, ол бірінші кезекте Беларусь пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Мен әріптестерімнен осы залда, осы құрамда ең жоғары мемлекеттік сыйды табыстағым келеді деп өтіндім, Халықтар достастығы орденімен бірнеше адам ғана марапатталған. Мен осы кеңес құрамының алдында, әріптес президенттердің көзінше осы марапатты табыс еткім келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы оны осы залда қабылдауға келісті. Беларусь халқының атынан өз міндетімді орындауға рұқсат етіңіздер", - деді Лукашенко.

"Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бай жұмыс тәжірибесін пайдалана отырып, ТМД-ның қалыптасуы мен дамуы үшін өте көп нәрсе істеді, еуразиялық ықпалдастық идеясы да оған тиесілі. Осының бәрі халықтар арасындағы достықты нығайтып қана қоймай, елдеріміздегі адам өмірін де жақсарта түседі, интегратор-адам. Ол онымен әрдайым айналысады. Сондықтан осы қайырымды істі орындауыма рұқсат етіңіздер, құттықтап, марапаттайын", - деді Лукашенко.

Қазақстан Президенті өз кезегінде Беларусь басшысына алғысын айтты.

Еске сала кетейік, бүгін Бурабайда ТМД Мемлекеттері басшылары кеңесіне сегіз елдің президенті қатысып жатыр: Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев, Әзербайжан Республикасының президенті Әлиев, Армения Республикасының президенті Саргсян, Беларусь Республикасының президенті Лукашенко, Қырғыз Республикасының президенті Атамбаев, Ресей Федерациясының президенті Путин, Тәжікстан Республикасының президенті Рахмон, Өзбекстан Республикасының президенті Каримов, Молдова Республикасының премьер-министрі Стрелец, Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Сатлыков.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети