21 сәуір 2017 12:36

Махмуд Ахмадинежад Ирандағы президент сайлауына жіберілмеді - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rusgosnews.com © rusgosnews.com

Иранның қазіргі басшысы Роухани елдегі президент сайлауына үміткер ретінде тіркелді, - деп хабарлайды Press TV елдің ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. Телеарна мәліметі бойынша, бұрынғы президент Махмуд Ахмадинежадтың өтініші қабылданбаған, - деп хабарлайды РИА Новости

Елдің ІІМ-нің мәліметі бойынша, Иран президенттігіне үміткер ретінде алты адам тіркелді: Хасан Роухани, Мостафа Ака-Мирсалим (Mostafa Aqa-Mirsalim), Иранның бірінші премьері Эсхак Джахангири (Es'haq Jahangiri), Тегеран әкімі Мохаммад Багер Галибаф (Mohammad Baqer Qalibaf), аятолла Әли Хаменидің жақтасы аятолла Сейед Ибрахим Раиси (Seyyed Ebrahim Raeisi) және Мостафа Хашеми-Таба (Mostafa Hashemi-Taba).

Үміткерлерді тіркеу 15 сәуірде аяқталған. Мұның алдында, үміткерлерді тіркеуден кейін олардың құзыреттілігін Иран конституциясының Сақшылар кеңесі қарастыратыны хабарланған. 

Ирандағы президент сайлауы 2017 жылдың 19 мамырында өтеді. 50 пайыздан астам сайлаушылар дауысын жинаған үміткер президент атанады. Егер ешбір үміткер мұнша дауыс жинай алсмаса, екінші тур өтеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети