21 шілде 2014 08:53

Малайзиялық Boeing-тің қара жәшігі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Апат орынынан табылған борттың өздігінен жазатын қондырғысына ұқсас зат.  Reuters Апат орынынан табылған борттың өздігінен жазатын қондырғысына ұқсас зат. Reuters

"Жексенбі күні әлемдік БАҚ-тарда жария болған бейнежазбада апат орынында іздеу жұмыстарына жұмылдырылған адамдардың ұшақтың қара жәшігін әкетіп бара жатқаны бейнеленген. Бейнежазба британдық The Mirror газеті сайтында, сондай-ақ CNN телеарнасының эфирінен көрсетілген" деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Жексенбі күні әлемдік БАҚ-тарда жария болған бейнежазбада апат орынында іздеу жұмыстарына жұмылдырылған адамдардың ұшақтың қара жәшігін әкетіп бара жатқаны бейнеленген. Бейнежазба британдық The Mirror газеті сайтында, сондай-ақ CNN телеарнасының эфирінен көрсетілген" деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ДХР премьерінің өкілі Сергей Кавтарадзе LifeNews ақпарат құралына берген сұхбатында ұшақ апаты орын алған жерден борттың өздігінен жазатын қондырғысына ұқсас заттың табылғанын растаған. "Қара жәшік" деп болжанған зат қазір Донецкіде. Ал, ДХР премьер-министрі Александр Бородай өздігінен жазатын қондырғы тек Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) сарапшыларына ғана берілетінін мәлімдеді.

Бұған дейін Киев билігі "айғақтардың көзін жою үшін сепаратистер қара жәшікті Мәскеуге береді" деп алаңдаушылық білдірген болатын.

Сонымен қатар жексенбі күні Украина қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) өз сайтында жасақшылардың малайзиялық ұшақ құлаған жерден борттың өздігінен жазатын қондырғысын іздеп жатқаны туралы аудиожазбасын жариялаған.

Аудиожазбадағы "Восток" батальоны командирінің Донецкі халықтық республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері Алексей және Андрей деген азаматтармен арада болған әңгіме 18 шілде күні жазып алынған. Әңгіме төркініне қарағанда Ходаковскийді ең алдымен "қара жәшіктің" тағдыры қызықтырған. Сөйлесу кезінде, "Ол біздің бақылауымызда болуы тиіс. Маған айт, мен жедел білуім керек" дейді Ходаковский.

Сонымен қоса "Восток" батальоны командирі "Апат орынынан табылған заттар ешкімнің қолына түспеуі тиіс, ЕЫҚҰ және басқалардың да" дейді.

Бұған дейін УҚҚ сепаратистердің апатқа ұшыраған малайзиялық ұшаққа қатысты телефон әңгімесін жария еткен болатын. Елді дүрліктірген жазбаға қарағанда, Boeing-777 ұшағын Донбастағы блокпосттардың бірінен казактар атып түсірген. Алайда сарапшылар бұл аудиожазбаның бірнеше фрагменттерден құрастырылғанын және жасанды жазба екенін айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 17 шілде күні Донецкі облысында Malaysia Airlines авиакомпаниясына қарасты ұшақ апатқа ұшыраған болатын. Ұшақта болған 298 адамның бәрі опат боған. Амстердамнан Куала-Лумпурге бағыт алған лайнер бортында 192 нидерландылық, 44 малайзиялық, 27 австралиялық, 12 индонезиялық, 10 британдық, 4 германиялық, 4 бельгиялық, 1 канадалық, 1 жаңазеландиялық азамат болған.

Киев "ұшақты сепаратистер "Бук" зениттік-зымыран қондырғысынан атып түсірген" деп мәлімдеген еді. Ал АҚШ президенті Барак Обама "ұшақты апатқа ұшыратқан "жер-әуе" зымыраны Украинаның проресейлік сепаратистер бақылауындағы аумағынан атылған" деп мәлімдеді.

Өз кезегінде ДХР өкілдері "малайзиялық ұшақ апатына Украина әскерлері айыпты" деп мәлімдеді. Олар өздерінде 10 мың метр биіктіктегі ұшақты атып түсіретін қару жоқ екенін алға тартқан болатын.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети