15 ақпан 2015 14:26

Мәскеу көшелерінде жылжымалы мешіттер іске қосылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©rus.azattyq.org ©rus.azattyq.org

Ресей астанасында жылжымалы мешіттер іске қосылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Интерфакс-Религия". 


Ресей астанасында жылжымалы мешіттер іске қосылуы мүмкін, - деп хабарлайды "Интерфакс-Религия". 

"Бүгінде Мәскеудің екі миллион мұсылманы астанадағы төрт мешітті қанағат тұтып отыр. Қазіргі заманғы қаланың ырғағы мен мешіттердің тарлығы дін ұстанатын адамдарға бес уақыт намаз оқуға мүмкіндік бере бермейді. Біз бұл мәселенің шешімі мобиль мешіттерде деп ойлаймыз", - деді жобаның бастамашысы Айрат Қасымов.

Оның айтуынша, намаз оқушылар жобаның сайтында өтініш білдірсе болғаны, "мешіт аталған жерге өзі келеді". Жылжымалы мешіт - дәрет алу және намаз оқу бөлмелерінен тұратын тіркеме. Тіркемеде фастфуд-кафе де бар.

Жоба авторлары оны іске асыру үшін миллион рубльден астам қаражат керек деп есептейді. Оның 850 мыңы краудфандинг, яғни асар жүйесімен жиналуы тиіс, қазіргі уақытта Boomstarter сайтында қаражат жинау басталып кетті.

Мәскеуде барлығы сегіз жылжымалы мешітті іске қосу жоспарланып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.32   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети