1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Жаһан

Мәскеу орталығында белгісіз біреулер атыс шығарды

Видео кадры Видео кадры

Мәскеу орталығындағы автотұрақта белгісіз біреулер атыс шығарған. Бұл туралы "Говорит Москва" радиостанциясының Telegram-каналы хабарлады, - деп жазады Lenta.ru.

Радиостанция дереккөзінің мәліметінше, атыс Воровской алаңында шыққан. Baza басылымы ФҚҚ-ның екі қызметкері жарақат алғанын хабарлап жатыр. Бір адам қаза болған. Оның кім екені анықталып жатыр, мұның алдында ол жақын маңдағы ғимараттардың бірінде жасырынған. Осы маңнан өтетін көшенің бәрі қоршауға алынған, оқиға орнында полиция мен ФҚҚ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қалада "Сирена" жоспары жарияланған.

Lenta.ru-ға хабар берген дереккөздің мәліметінше, үш адам Кузнецкий Мост көшесінде орналасқан ғимараттардың біріне шабуыл жасамақ болған. Олар Воровской алаңындағы ғимараттардың біріне жасырынған. Олар Калашников автоматымен атысты жалғастырып жатыр. Құқық қорғау органдарының үш қызметкері жараланғаны туралы ақпарат бар.