05 қаңтар 2016 21:30

Мәскеу түбінде итті құтқармақ болған арнайы жасақ өкілін пойыз басып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© m24.ru © m24.ru

Мәскеу түбінде итті құтқармақ болған арнайы жасақ өкілін пойыз басып кетті, - деп хабарлайды "Комсомольская правда". Қайғылы оқиға 4 қаңтарда "Новогогиреево" электр пойызы платформасында болған. 


Мәскеу түбінде итті құтқармақ болған арнайы жасақ өкілін пойыз басып кетті, - деп хабарлайды "Комсомольская правда". Қайғылы оқиға 4 қаңтарда "Новогогиреево" электр пойызы платформасында болған. 

"Рысь" жедел әрекет ету арнайы жасағының (СОБР) 31 жастағы өкілі Константин Волков кезекшіліктен үйіне қайтып келе жатқан. Ер адам платформаның үстінде жүгірген иттің рельс үстіне құлағанын көреді. Ал осы уақытта станцияға электр пойызы жақындаған. Волков жануарды құтқарғысы келіп, платформаға секіріп түседі. Алайда ол итті шетке шығарып жібергеннен кейін өзі перронға шығып үлгермейді. Электр пойызы арнайы жасақ өкілін басып кеткен. Константин Волков оқиға орнында қаза болды.

Марқұмның қызметтестері Волковтың қарулы қақтығыстарға қатысқанын, бұған дейін Ішкі әскердің "Русь" арнайы жасағында қызмет еткенін және қызыл береттің иегері екенін айтып берді. Оның артында әйелі мен баласы қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети