Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Мәскеуде бауыздалған бүлдіршіннің ата-анасы күдікті жайлы айтып берді

29 Ақпан 2016, 17:29
1
© Lifenews.ru
© Lifenews.ru

Мәскеуде қорғау органдарының қызметкерлері бауыздап өлтірілген 4 жасар бүлдіршіннің ата-анасынан жауап алды, - деп хабарлайды Lifenews.ru. Қыздың әкесі мен шешесі Гүлчахер Бобокулованы бір жыл бұрын тәрбиелеуші ретінде жалдағанын айтып берді. Олар әйелдің өз ісіне әрдайым жауапкершілікпен қарағанын және білікті маман деп есептеп келгенін де айтты. 

Ал соңғы уақытта Гүлчахер отбасындағы жағдайларды айтып, шағымданатын болған. Ал күдікті әйелдің өзі бұл іске күйеуінің басқа әйелмен ашына болғандығынан барғандығын айтқан. 

"Соңғы кезде ол өзінің күйеуіне көңілі толмай жүрді. Ата-ана оның қиналып жүргенін шаршаған деп есептеп, көңіл бөлмеген", - деп хабарлады агенттікке дереккөз. 

Дереккөздердің мәліметінше, сәбидің әкесі мен шешесі ауыр жағдайда жатыр, олармен қазіргі таңда психологтар жұмыс істеп жатыр.

Еске салайық, алдын ала мәлімет бойынша, бүгін, 29 ақпанда Народное Ополчение көшесінде орналасқан пәтерде бала бағушы өзі бағып отырған 4 жасар қызды аса қатыгездікпен өлтірген, кейін оқиға орнын өртеп, өзі қашып кеткен. Осыдан кейін ол метро станциясының алдына келіп, тұрған. Осы сәтте полицейлер оған жақындағанда әйел сөмкесінің ішінен бүлдіршіннің кесілген басын шығарып көрсетіп, өзін жарып жіберетінін айтқан. Ол ұсталған. Осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай