Мәскеуде блогер қыздың денесі шабаданнан табылды - БАҚ

28 Шілде, 15:28
0
Мәскеуде блогер қыздың денесі шабаданнан табылды - БАҚ -

Мәскеуде шабаданның ішінен қайтыс болғанның қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды РЕН ТВ арнасы. 

Ресей астанасындағы Пырьева көшесінің бойында қайтыс болған қызға пәтерді жалға берген ер адам блогердің өлі денесін тапқан. Қыздарына ұзақ уақыт бойы хабарласа алмаған ата-анасы пәтер иесіне өтініш айтқан. 

Қайтыс болған қыздың тамағын пышақпен кескен. Оның үстінде киімі болмаған. Қыз бала медициналық ЖОО-да оқып жүрген және әлеуметтік желіде блог жүргізген. Оған шамамен 80 мыңнан аса адам жазылған. Өз парақшасында блогер оқу үдерісі мен саяхат туралы айтатын болған. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, кісі өлтіруге қызғаныш себепші болған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай