11 желтоқсан 2017 09:22

Мәскеуде кавказдық қыздар жайлы пікір білдірген студентті соққының астына алып, кешірім сұратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Мәскеуде Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет акамедиясының студенті Алексей Князев әлеуметтік желіде кавказдық қыздар жайлы пікірі үшін соққыға жығылған. Осы істі Ресейдің Тергеу комитеті зерттеп жатыр. 


Мәскеуде Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет акамедиясының студенті Алексей Князев әлеуметтік желіде кавказдық қыздар жайлы пікірі үшін соққыға жығылған. Осы істі Ресейдің Тергеу комитеті зерттеп жатыр. 

Студентті ұрып-соққандар видеоға да түсіріп тұрған. 9 желтоқсанда видео "ВКонтакте" желісіндегі MDK паблигінде жарияланды. Осыдан кейін видео кеңінен таралып, қоғамның ойы екіге жарылды. 

"Эхо Москвы" мәліметінше, Князев "ВКонтакте" желісінде кавказдық қыздардың неліктен орыс жігітімен кездесе алмайтыны жайлы пікірталасқа қатынасқан. Сол кезде оған қыздың туыстары тарапынан рұқсат берілмейтіні түсіндірілген. Сол кезде студент ресейлік заңнаманы, яғни ешкімнің де біреудің бостандығын шектеуіне рұқсат жоғын айтқан. 

Осыны көрген кавказдық жігіттер әлеуметтік желіде Князевке қоқан-лоқы көрсетіп, жағдайды басқаша түсіндіріп беретінін айтқан. Жігітті өз оқитын маңнан ұстап алған бір топ жігіт кешірім сұратып, бірнеше рет шапалақпен соққы жасайды. 

Ескерту, бейәдеп сөздер айтылады!  

Шешенстан жастары одағының төрағасы Рустам Тапаев шабуылдаушылармен профилактикалық әңгіме құратынын айтты. Оның ойынша, олардың әрекеті дұрыс емес, сол себепті де ол жанжал туралы сөйлеспекші екен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети