Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Мәскеуде сәбидің басын кесіп алған әйел қылмысқа есірткіге мас күйде барған болуы мүмкін

01 Наурыз 2016, 16:19
0
© ria.ru
© ria.ru

Мәскеуде баланың кесілген басымен көшеде жүрген жерінде ұсталған әйел қылмысқа PVP синтетикалық есірткісіне мас болғандықтан баруы мүмкін, - деп хабарлайды РИА Новости Ресейдің Есірткі айналымын бақылау жөніндегі федералдық қызметінің басшысы Виктор Ивановқа сілтеме жасап. 

"Сыртқы әлпетіне қарғанда, ол есірткі қолданған болуы мүмкін. Біз тергеуге араласуға дайынбыз", - деді Иванов тілшілерге сейсенбі күні - Бұл бірінші жағдай емес: Нижний Новгород, Қазан, Томск қалаларында осындай жантүршігерлік оқиғалар болған, бұл оқиғалардың көп жағдайда PVP синтетикалық препаратты қолданумен қатысы бар болып шығады, бұл есірткіден ақылдан алжасып, қос көрінуі мүмкін".

Сонымен қатар, ол бұл "синтетиканың" уытының героиннен де күштірек екенін атап өтті. "Орталық жүйке жүйесін тез бұзады. Адам өз әрекетіне жауап бермейді", - деді ол. Қазіргі уақытта Мәскеудегі кісі өлтіру оқиғасын Тергеу комитеті тергеп жатыр. Оның айтуынша, ЕАБФҚ-ның өз тарапынан химиялық-токсикологиялық тергеу жүргізуге дайын екенін жеткізді. 

Еске салайық 29 ақпанда 38 жастағы өзбек әйел Гүлчехра Бобокулова "Октябрьское поле" метро станциясының алдында ұсталған еді, әйелдің қолында қыздың кесілген басы болған, әйел өзін жарып жіберетінін айтқан. Народное Ополчение көшесінде орналасқан пәтерде бала бағушы өзі бағып отырған 4 жасар қызды аса қатыгездікпен өлтірген, кейін оқиға орнын өртеп, өзі қашып кеткен. Осыдан кейін ол метро станциясының алдына келіп, тұрған. Осы сәтте полицейлер оған жақындағанда әйел сөмкесінің ішінен бүлдіршіннің кесілген басын шығарып көрсетіп, өзін жарып жіберетінін айтқан. Ол ұсталған. Осы іс бойынша тергеу жүріп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай