09 сәуір 2017 16:46

Мәскеуде теміржол апатына ұшырағандар арасында қазақстандықтар жоқ - елшілік

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Instagram © Instagram

Мәскеудің батысында ірі теміржол апатына ұшырағандар арасында қазақстандықтар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігіне сілтеме жасап. 


Мәскеудің батысында ірі теміржол апатына ұшырағандар арасында қазақстандықтар жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігіне сілтеме жасап. 

"Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің алдын ала мәліметтер бойынша, Мәскеудің батысында пойыздардың соғысуынан зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ. Беларусь елінің азаматтары бар. Жалпы ауруханаға жеткізілгендер саны - 16 адам", - деді Қазақстанның РФ-дағы елшілігінің өкілдері. 

Еске салайық, жексенбіге қараған түні Мәскеудің батысында Москва - Брест бағытында жүретін жолаушылар пойызы мен электричка бетпе-бет соғысқан еді.

Пойыз апатқа ұшыраған кезде ішінде 450-ден аса адам болған, ал электричканың ішінде төрт адам - машинист, оның көмекшісі және екі бақылаушы. Оқиға салдарынан 16 адам ауруханаға жеткізілген, оның алтауы ауыр халде. Медициналық көмекке 50 адам жүгінген. Теміржол рельсінен жолаушылар пойызының локомотиві және электрпойызының үш вагоны шығып кеткен. 

Құтқарушылар дәрігерлермен бірлесе 20-дан аса адамды эвакуациялады. Апат болған жерде 200-ден аса адам жұмыс істеп, 70 техника тартылған. 

ТЖМ мәліметінше электрпойызының машинисі теміржолды кесіп өткен адам үшін дереу тежегішті іске қосқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети