20 желтоқсан 2019 13:43

Мәскеудегі атқыштың үйінен бірнеше қару табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Мәскеуде атыс шығарған ер адамның үйінен бірнеше қару табылды, - деп хабарлайды Telegram-дағы Baza каналы.


Мәскеуде атыс шығарған ер адамның үйінен бірнеше қару табылды, - деп хабарлайды Telegram-дағы Baza каналы.

Дереккөздің мәліметінше, атқыш Евгений Манюровтің үйін тінту барысында тергеушілер төрт винтовка мен бір травматикалық қару тапқан. Бұдан бөлек, бірнеше оқ жатқан.

Сондай-ақ, ер адамның сөмкесінде ұялы телефонға жалғанған жарылғыш зат пен граната болғаны айтылады.

Еске салайық, мұның алдында Мәскеуде атыс болып, жергілікті Қауіпсіздік қызметінің оқиғаны теракт деп атағаны хабарланған еді. Арнайы өкілдердің айтуынша, Мәскеудегі атыс теракт деп танылған. Атысты ұйымдастырғандардың экстремистік және террористік ұйымдарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети