11 қыркүйек 2017 13:31

Майамиді түнек басты - қазақстандық "Ирма" дауылының салдарын баяндады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қазақстандық Майамидегі "Ирма" дауылы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Данияр Түсіпбековтің айтуынша, дүлей апаттан Майамиді түнек басып, тұрғындар жарықсыз қалып, байланысқа шыға алмай отыр.

© REUTERS

"Барлығы жабық тұр. Майамиді түнек басты. Қазіргі уақытта жарық жоқ, ұялы байланыс та жоқ. Құдайға шүкір, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ағаштар құлап, терезелер қирап жатыр. Шатырлар да ұшып кетті", - дейді қазақстандық.

"Су басқаны жайлы айтатын болсақ. Майамидің екі ауданында - Downtown Miami мен Miami Beach-те су денгейі шамамен бір метрге жетіп қалды. Қазіргі уақытта бірнеше тонау дерегі болды. Жел күшейіп жатыр. Полицейлермен көшеде қалып қалған тұрғындарды іздеп жатырмыз", - деді Данияр Түсіпбеков.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети