03 сәуір 2014 22:00

Майдандағы жаппай кісі өліміне ФҚҚ мен Янукович айыпталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинаның жаңа билігі Киев Майданындағы жаппай қырғынға "Бүркіт" арнайы жасағы мен Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) тікелей қатысы бар деп айыптады. Ал жаппай қырғынды ұйымдастырушы ретінде Виктор Януковичтің аты аталды. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихаты барысында Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Валентин Наливайченко мен Украина ІІМ басшысы міндетін атқарушы Арсен Аваков мәлімдеді, - деп жазады "Украинская правда" газеті.


Украинаның жаңа билігі Киев Майданындағы жаппай қырғынға "Бүркіт" арнайы жасағы мен Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметінің (ФҚҚ) тікелей қатысы бар деп айыптады. Ал жаппай қырғынды ұйымдастырушы ретінде Виктор Януковичтің аты аталды. Бұл туралы арнайы баспасөз мәслихаты барысында Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Валентин Наливайченко мен Украина ІІМ басшысы міндетін атқарушы Арсен Аваков мәлімдеді, - деп жазады "Украинская правда" газеті.

Наливайченконың сөзіне қарағанда, өткен жылдың желтоқсан айында және осы жылдың қаңтарында Украина қауіпсіздік қызметі (УҚҚ) полигонында сол кездегі УҚҚ төрағасы Александр Якименконың тікелей бұйрығымен арнайы күзет пен үкіметтік байланысқа шығу құзіреті беріліп, Ресей Федеральдық қауіпсіздік қызметінің бір топ қызметкерлері тұрақтаған.

"УҚҚ полигондарының бірінде болған осы топтың "лаңкестікке қарсы операция" деп аталатын шараны жоспарлап, жүзеге асыруға қатысқандығына байланысты негізді дәйектеріміз бар" - деп мәлімдеді Наливайченко.

УҚҚ басшысы ресейлік басшылықтан ол арада ФҚҚ қызметкерлері не істегендігі, олардың атағы мен қызметі туралы мәліметтерді беруді сұрады. Сондай-ақ Наливайченконың мәліметінше, 20 қаңтарда "Гостомель" және "Жуляны" әуежайына Майдандағы наразалық акциясына қатысушылардың көзін жоюды ұйымдастыру үшін арнайы жарылғыш заттар мен қару-жарақ тиеген ресейлік ұшақ келіп қонған.

Сонымен қатар Наливайченко лаңкестікке қарсы операция түрінде жоспарланған жаппай қыруды ұйымдастыру Виктор Януковичтің жетекшілігімен қолға алынып, бұрынғы УҚҚ төрағасы Александр Якименконың бұйрығымен іске қосылып, оның ІІМ экс-басшысы Виталий Захарченконың қатысуымен жүзеге асқанын айтады. 

Украина ішкі істер министрі Арсен Аваков 20 қаңтарда Киевтің орталығындағы наразылық танытушыларға ең бірінші боп "Бүркіт" арнайы жасағы оқ жаудырғанын нақтылады. Аваковтың айтуынша, сол күні "Бүркіт" арнайы жасағының атқан оғына Институтсикий көшесінде көтеріліске  шыққан 17 адам іліккен.  Министр бүгіндері оқ атқан барлық күдіктінің аты-жөні анықталғанын баса айтты. 

Өз кезегінде Киев тарапынан тағылған айыпқа қатысты ФҚҚ "Бұл мәлімдемелердің барлығы Украина қауіпсіздік қызметінің ар-ұятына қалдырылсын" - деп түсініктеме берген.

"Альфа" арнайы жасағы ардагерлерінің халықаралық қауымдастығының президенті Сергей Гончаров "Бүркіттің" Майдандағы атыс-шабысқа еш қатысы жоқ деп санайды. "Бұл - Украина билігінің кезекті арандатушылығы" - деп мәлімдеді Гончаров РИА-Новости агенттігіне берген сұхбатында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети