ІІМБ басшысының майорды жиналыс үстінде қылқындырған сәті видеоға түсіп қалды 22 наурыз 2018, 15:36

Мәскеуде ІІМБ басшысы жиналыс үстінде майорды қылқындырып, кейін жұмыстан шығарды, деп хабарлады life.ru.
Порталдың хабарлауынша, Мәскеудің солтүстік-шығысындағы ІІМ бөлімінде жиналыс үстінде полицияның екі офицері төбелес шығарған. Mash телеграм-каналында жарияланған видеодан басшының ашуға булығып, майорды сөккенін көруге болады.
"Басшы майорға жақын барып, оны итеріп қалды. Осыдан кейін жанжал басталды. Бастығы майорды буындырмақшы болды", - делінген жарияланымда.
Телеграм-каналдың мәліметтері бойынша, бұл жайттан кейін майор жұмыстан шығарылған.